Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Павлодарда 2 жастағы қызын соққыға жықты деген күдікпен өгей әкесі ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыстық балалар ауруханасына денесінде жарақаты бар 2 жасар қыз бала түскен. Дәрігерлердің мәліметінше, 2 жастағы қыздың екі бұғанысы бірдей сынып кеткен. Анасы баласының арқасы ауырып тұр деп айтқан.
“Рентгенге түсіргенімізде қыздың екі бұғанасы да сынғаны белгілі болды, бірақ бұғанасы орнынан шықпаған. Бұған қоса маңдайында бұрын көгерген жері байқалды. Анасынан сұрағанымда ойнап жүріп ауыртып алды деп жауап берді. Көп балалар жүре бастағанда құлап, соғылып, денелерін көгертіп жататын жағдайлар жиі кездеседі", - дейді балалар ауруханасының травматолог дәрігері Сергей Самец.
Алайда бір тәуліктен соң анасы ауруханаға қайта келіп, дәрігерлерден қызының көгерген жерлерін түсіріп, тіркеуді өтінген. Мәліметтерге сүйенсек, кішкентай қызды оның өгей әкесі ұрып жіберген екен. Салдарынан жеткіншектің бұғаналары сынған. Ер адамның үстінен денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласындағы уақытша қамау орнына орналастырылды.