Bugin

Қазақстан АҚШ-қа 49 жылға жалға жер бермек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

АҚШ Қазақстаннан 49 жылға жалға жер алады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Тиісті заң жобасы бүгін мәжілісте қаралды. Келісімге былтыр 27 қыркүйекте Нью-Йоркте Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасында қол қойылған. Ол бойынша Алматыда АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін сол елдің үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісім ратификациялануы керек. Келісімнің мақсаты – АҚШ үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беру. 

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның айтуынша, Келісімде жер учаскесін беру тәртібі мен шарттары айқындалған екен.