Bugin

“Наиб имам емес”: Меккеге барамыз деп алданған 180 адамға ҚМДБ жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

“Жазира Travel” атты турфирма екі жүзге тарта азаматты Меккеге апарамыз деп уәдесінде тұрмаған. Мұсылмандық міндетін орындамақ болған адамдар ақшаларын қайтара алмай жүр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

180 адам 20 қаңтарда Меккеге ұшуы керек болған. Бірақ турфирма оларға тіпті виза да дайындамаған. 

Ал турфирма иесі Мейіржан Рыскелдиев ақшаны қайтаратынын, сотталуды мақсат тұтпайтынын жеткізген. 

Осы іске қатысты Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы ресми түсінік берді. Басқарма Мейіржан Рыскелдиевтің наиб имам екенін жоққа шығарды. 

“Алматы облысының Іле ауданындағы “Сәбденұлы Өтеген батыр” мешітінің наиб имамы Тамашбеков Марсельге Мейіржан Бауырұлы умра сапарына ниет еткен жандарға дәріс өтіп беру жөнінде өтініш жасаған. Наиб имам діни құлшылықты түсіндіру мақсатында өтініштерін қабыл алып, екі рет сабақ өткізген. Дәріс соңы сұрақ-жауап негізінде жалғасып, наиб имам сол компания қызметі жайлы білген ақпараттарымен де бөліскен”, - деді ҚМДБ түсініктемесінде.

"Жазира travel" компаниясына қатысты мәселе құқық қорғау органдары тарапынан тексеріліп жатыр.