Bugin

Тонап кеткен: Қарағанды облысында ер адам дүкен сатушысын өлтірді (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Саран қаласында белгісіз ер адам дүкен сатушысына пышақ жарақатын салды. 27 жастағы дүкен сатушысы мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көресіз. Ер адам дүкенді тонамақшы болған. Қайғылы жағдай видеоға түсіп қалыпты. Кадрда ер адамның дүкенге кіріп, қарсылық көрсеткен сатушыға шабуыл жасағаны көрінеді. Ер адам әйелдің асқазанына пышақ салған. Кейін қылмыскер кассадан ақша алып, қашып кетті.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адамды анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы іске кірісті. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.