МӘДЕНИЕТ

“Махаббат шекараны білмейді”: Таиланда бір жынысты некеге рұқсат берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Таиландта бір жынысты неке заңдастырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Таиланда бұл заң жобасы былтыр ұсынылған еді. Биыл Таиланд корольдігінің үкіметі мен парламенті мақұлдап, королі қол қойды. 

Заңда бұрынғыдай ер мен әйел жынысты екі адам емес, екі тұлға некелеседі деп жазылған. Бір жынысты жұптар бала асырап алуға құқылы. Заң жұптардың ортақ мүлкіне иелік ету мәселесін де реттейді. Осылайша Таиланд – Оңтүстік-Шығыс Азияда бір жынысты некені заңдастырған алғашқы мемлекет болды.

"Сіз қай жыныстың өкілі болсаңыз да, кімді жақсы көрсеңіз де, махаббат шекараны білмейді. Барлығының құқығы бірдей заңмен қорғалады", – дейді елдің премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чиннава.