Bugin

Саран қаласындағы қылмыс: ер адамның сатушыны неге өлтіргені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Полиция қызметкерлері Саран қаласында дүкен сатушысы қаза болған оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 "Күдіктінің ауыр қылмыс жасауына себеп болған мотив – ақша екені анықталды. Күдікті күш қолданып, пышақпен қорқытып, дүкеннің кассасындағы ақшаны иемденуге тырысқан. Алайда сатушы қарсылық көрсеткен, сол кезде ол пышақ жарақатын алып, салдарынанан қайтыс болды. Қылмыс құралы пышақ тәркіленді", - делінген полиция хабарламасында. 

Полицияның мәліметінше, бұл кісі өлтіру фактісі бойынша қала мен облыстың тәжірибелі полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. 

“Қылмысты ашу және тергеу полиция департаменті және облыс прокурорының қатаң бақылауында", - делінген полиция таратқан хабарламада. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Саран қаласында қарақшының қолынан дүкен сатушысының қаза болғанын хабарлаған едік. Көп ұзамай күдікті де ұсталды.