Weekend

1 мамыр: Бірлік күні туралы қызықты 7 дерек

Бірлік күні туралы не білеміз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1-дерек: Бұл мереке ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылғы 18 қазандағы жарлығымен бекітілген.

2-дерек: Бұған дейін 1 мамырда Еңбек күні аталып келген.

3-дерек: Бірлік күні ел ішінде әр түрлі ұлт өкілдерінің арасында татулық пен бірлікті нығайту мақсатында аталып өтеді. Этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдылықтарының бірі.

4-дерек: Қазақстанда 150-ден астам ұлт тұрады. Қазақтар, орыстар, татарлар, өзбектер, украиндар, грузиндер, армяндар, шешендер, ингуштер, белорустар, корейлер, қырғыздар және тағы басқалары бірлік күнін тойлап жатыр.

5-дерек: 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.

6-дерек: Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Еліміздің маңызды оқиғасына республиканың барлық өңірінен 1300 делегат жиналды. Сондай-ақ, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Германия елдерінен де қонақтар келді.

7-дерек: Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.