Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Атырауда екі жұмысшы 5-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы жағдай 20 қаңтар күні сағат 11:15-те қала аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Екі жұмысшы 5-қабаттан құлаған. Оқиға салдарынан 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапты. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.