Bugin

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райының жылитынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан аумағында жоғары қысым әсерінен негізінен ауа райы жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанып отыр.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 12-23, күндіз 5-13 градус аяз.

Ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градус, таулы аймақтарда 13-18 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады деп болжанды.

Батыс өңірлерде түнде 7-17 градус аяз, күндіз 6 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында болады.