ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Ертіс өзенінде суретке түспек болған бойжеткен суға түсіп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кеше, 26 қаңтар күні Павлодар қаласының Орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мұздың астына құлап кеткен адамды көрген.
Құтқарушылар 1994 жылы туған қызды жедел түрде судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Белгілі болғандай, ол суретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз шыдамаған соң суға түсіп кеткен.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда өртенген дүкен ішінен ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған едік.