Bugin

2025 жылы әскери дайындыққа 3 мың әскери шақырылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Биыл әскери дайындыққа 3 мың әскери  шақырылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың тиісті бұйрығы шықты. Құжат 7 ақпанға дейін талқылауға қолжетімді. 

Әскери дайындық 2007 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Дайындыққа қатысудан жалтарғандар 19 660 теңге мөлшерінде айыппұл арқалайды. 

Әскери дайындық кезінде әскери қызметшілердің жұмыс орындары мен лауазымдары сақталады. Оларға орташа жалақы төленеді, ал жұмыс істемейтіндерге – мемлекеттік бюджет есебінен ең төменгі жалақы беріледі.

Әскери міндеттілерді жинақ орнына жеткізу және оларды кері қайтаратын көлік қызметі, сондай-ақ тамақтандыру Қорғаныс министрлігі есебінен жүзеге асырылады. Әскери міндеттілер казарма жағдайында ұсталады. Оларды бөлімнен босату ротаның командирлерімен жүзеге асырылады.

Ал әскери дайындықтың негізгі мақсаты – әскери бөлімшелердің жауынгерлік және мобилизациялық дайындығын арттыру, бейбіт уақытта қысқартылған құрамда ұсталып тұратын бөлімшелер үшін дайындалған және жинақталған әскери дайын ресурстарды қалыптастыру.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстаудағы сарбаз өліміне кінәлі офицер 13 жылға сотталғанын хабарлағана едік.