Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Павлодарда қызды қатыгездікпен ұрып-соққандар анықталды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жеке бөлмеде бір қыз жекпе-жек тәсілдерін қолдана отырып, диванда отырған екінші қыздың бетінен қолмен, содан кейін аяқпен ұрып-соққан. Бөлмеде тағы бірнеше қыз болған. Олар болып жатқан жайтты бақылап, тек біреуі ашуға булыққан құрбысын тоқтатуға әрекет жасайды.
Кейін қыз зардап шегушіні жерге құлатып, тағы бірнеше соққы жасайды.
Белгілі болғандай, бұл жағдай Павлодарда болған.
“Барлық қатысушылар анықталды, олар полиция бөліміне жеткізілді. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - деп мәлімдеді Павлодар облысының полиция департаменті.