САЯСАТ
Фото: freepik.com
Бүгін, 27 қаңтар күні Ұлттық банк шетел валютасын сатып алу және сату бойынша есебін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша айырбастау пункттерінде долларға сұраныс 22,8% - ға төмендеген. Сату көлемі 175,9 млрд теңгені құрады.
Астанадағы валюта айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағасы – 517 теңге, сату құны – 521 теңге. Ал еуроны сатып алудың орташа құны – 540 теңге, сату бағасы – 546 теңге. Ресей рублінің бағасы 5,18-5,25 теңге аралығында.
Алматыда долларды сатып алудың бүгінгі орташа бағамы – 517,9 теңге, сату бағасы – 520,5 теңге. Ал еуроны сатып алу құны – 541 теңге, сату бағасы – 545,5 теңге. Рубльді сатып алудың орташа бағамы 5,15 теңге, сату – 5,27 теңге.