САЯСАТ

Қазақстан ауылдық жерлерге интернет тарту үшін шетелден 84 млн долларға жуық несие алмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kursiv.media

Қазақстан ауылдық жерлерге интернет орнату мақсатында 83,6 млн доллар көлемінде қарыз алуды көздеп отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қаржы министрлігі “Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы займ туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобасын дайындаған.

Келісімге сәйкес, Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 13 083 100 000 жапон иені (шамамен 83,6 млн АҚШ доллары) мөлшерінде несие береді. Қарыздың қайтару мерзімі – 12 жыл, оның ішінде 2028 жылдың 15 сәуіріне дейін жеңілдетілген кезең қарастырылған.

Бөлінген қаржы Қазақстанның инклюзивті экономикасын жедел цифрландыру жобасын іске асыруға бағытталады. Аталған құжат “Ашық НҚА” платформасында жарияланып, 7 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.