Bugin

24 жастағы әйелді күйеуі мен енесі ұрып, адам танымастай өзгертіп жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: жергілікті басылымнан

Өзбекстанның Чиназ ауданында жас келінді күйеуі мен қайын енесі соққыға жыққан. Нәтижесінде келіншек комаға түскен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы Ташкент облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Бобур Туляғанов мәлімдеді. Оның айтуынша, 16 қаңтарда Аққорған ауданында  37 жастағы ер адам 24 жастағы келіншегін соққыға жыққан. Ерлі-зайыптылар арасында отбасылық жанжал болғаны анықталды. Жанжал кезінде ер адам әйелін ұрып, денесіне зақым келтірді. Кейіннен келіншекті енемі де соққыға жыққаны расталды. Жәбірленуші Шиназ ауданының медициналық бөліміне жүгінген. 

Ер адам ұсталды. Оның үстінен қылмыс іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Жәбірленушінің дене жарақаты бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.