САЯСАТ

Назарбаев Лукашенкомен телефон арқылы не жайында сөйлесті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Беларусь Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

26 қаңтарда жетінші мәрте президент атанған Александр Лукашенконы шет мемлекеттердің басшылары құттықтады, деп хабарлайды Bugın.kz порталы.

27 қаңтар күні таратылған ақпаратқа сәйкес, Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлескен.

"Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Беларусь халқына өзінің шынайы құттықтауы мен сәлемін жолдады. Өз кезегінде Лукашенко жылы лебізі үшін Назарбаевқа алғысын білдірді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің мәліметінше, Беларусь президенті мен Қазақстанның бұрынғы басшысы алдағы уақытта жеке кездесу мүмкіндігін талқылаған.

Еске салайық, бұған дейін Александр Лукашенко кезекті президенттік сайлауда 86,82% дауыс жинаған еді.

Сайлау нәтижелеріне сәйкес, Лукашенконың негізгі қарсыластарының бірі Сергей Сыранков 3,21% дауыс жинады. Басқа кандидаттардың көрсеткіштері 1,74%-дан 3,21%-ға дейінгі аралықта болды. Жалпы алғанда, сайлауға сайлаушылардың 85,7%-ы қатысқан.

Мерзімінен бұрын дауыс беру 21-25 қаңтар аралығында өтіп, бұл кезеңде сайлаушылар тізіміндегі азаматтардың 41,81%-ы өз таңдауларын жасаған.

Беларусь президенттік сайлауының түпкілікті нәтижелері 3 ақпанда жарияланбақ.