Bugin

Адам өлімінен кейін: Алматыда метро бекеттеріне қоршаулар қойыла бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Halyqstan.kz

Алматыдағы метро бекеттеріне қайғылы оқиғадан кейін қоршаулар қойыла бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Halyqstan.kz телеграм арнасы қоршаулардың суретін жариялады. 

Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі мәліметінше, металл қоршаулар "Момышұлы", "Сарыарқа", "Райымбек", "Мәскеу", "Алмалы" бекеттеріне орнатылған.

Қоршаулар вагондар арасындағы бекіткіштерге қарама-қарсы платформаларда орналасқан. Бұл вагондар тоқтаған кезде жолаушылардың жолда құлап кетпеуіне арналыпты.

Еске салайық, былтыр “Абай” бекетінде 26 жастағы зағип адам рельске құлап, көз жұмғанын хабарлаған едік.