Bugin

Құстармен соқтығысқан ұшақ Астанаға аман-есен қонды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Air Astana

26 қаңтарда Орал - Астана бағыты бойынша FlyArystan FS 7366 әуекомпаниясының рейсі орындаған ұшақ Орал қаласының әуежайынан ұшқан кезде құстармен соқтығысқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Құстармен соқтығысқаннан кейін ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқулар болмаған. Сондықтан экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонды.

"Ұшақ келгеннен кейін сол қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымданулар анықталды, сондай-ақ құстардың қалдықтары қозғалтқышта және басқа жерлерде табылды.  Орал әуежайында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНК-тестілеуге жіберіледі”, - деп хабарлады Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.