Bugin

Комада жатыр: Атырауда прокурор салық қызметкерін соққыға жықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Атырауда көлік прокурорының қызметкерлері мен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы арасында төбелес болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға кеше, 28 қаңтар күні Атырауда Назарбаев мектебінің жанында орналасқан мейраханада болды. Куәгерлердің айтуынша, олар арақ ішіп, сөзге келіспей қалған. Қақтығыстың барысында мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары басына соққы алды. Салдарынан салық қызметкері ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір оның комада екені белгілі.

Полицияның мәліметінше, қылмыстық кодексінің 106-бабы, яғни “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тергеу басталды.