Bugin

Жолаушылар іздестіріліп жатыр: Вашингтонда ұшақ тікұшақпен соқтығысты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

АҚШ астанасы Вашингтонда жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

American Airlines әуекомпаниясындағы дереккөз мәліметінше, ұшақтың жолаушылар тізімінде 60 адам болған екен. Кейін экипажда төрт адам болғанын айтты. 

Олардың жағдайы әзірге белгісіз. Ұшақ Потомак өзеніне құлаған. Құтқарушылар адамдарды іздеп жатыр. 

АҚШ-тың федералды авиация басқармасы Bombardier CRJ700 лайнері Канзас штатындағы Уичита қаласынан Вашингтонға тұрақты түрде рейс жасаған деп хабарлады.

Авиация басқармасының дерегінше, жолаушылар ұшағы Sikorsky U-60 әскери тікұшағымен соқтығысқан.