Bugin

Атыраудағы екі шенеуніктің төбелесі: тың ақпараттар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Атырау мемлекеттік кірістер департаменті

Кеше, 29 қаңтар күні Атырауда көлік прокурорының қызметкерлері мен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы арасында төбелес болғанын хабарлаған едік, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

МКД басшысының орынбасары Әліби Бақытжанов ауыр жараланып комаға түскен болатын. Төбелес болған жерге жедел жәрдемді бардың даяшылары шақырған.

Алдын ала ақпарат бойынша, барда облыстық МКД басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ қаланың бас көлік прокуроры және оның орынбасары болған.

Жанжалға не себеп болғаны әлі белгісіз. Алайда куәгерлердің айтуынша, Бақытжанов еденде жатқан күйінде табылған. Оның жанында ешкім болған жоқ. Ол дереу реанимацияға жеткізілді.

“Облыстық ауруханаға түскен пациент қажетті медициналық көмек алады. Дербес деректер мен емдеу әдістері және өзге де ақпарат жария етілмейді”, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Тергеу жалғасып жатыр. Жанжалдың себептері анықталуда.