Bugin

Продюсер Дана Орманбаеваның әзілкеш күйеуі үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram/ daut.shaikhislamov

Танымал қазақстандық КВН ойыншысы Даут Шайхисламов әйелі Дана Орманбаеваға заңсыз іздеу жарияланғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Даут Шайхисламов соттың оны сырттай қамауға алуы әлі заңды күшіне енбегенін мәлімдеді. Ол айыптауды «Blogerskii pizdesh» парақшасының авторы Алена Панамарева ойлап тапқанын айтты.

"Мен заңға сендім, бірақ қазір бәрі түсінікті болды. Бәрін ашық айтып, әділдік орнататын уақыт келді!”, - дейді Даут Шайхисламов. 

Оның айтуынша, Алматы тергеу сотының сырттай қамауға алу туралы қаулысы заңды күшіне енбеген, оған адвокаттар Алматы қалалық сотына шағымданған.

Еске салайық, 25 қаңтарда қазақстандық журналист және продюсер Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланған. Продюсердің орналасқан жерін анықтаумен интерпол айналысады екен. Алматы полиция департаменті тергеу бөлімі ұлтаралық араздық қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады. 2024 жылдың сәуірінде полиция Орманбаеваның әлеуметтік желідегі мәлімдемесі үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғады.