Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Түркия 4 күндік жұмыс аптасына көшеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Түркияда жаңа жүйе наурыз-сәуір айларында басталады. Түркиялықтар 4 күн жұмыс істеуге көшу үшін, күніне 10 сағат жұмыс істеу і керек. Ол үшін жұмыс берушімен келісу маңызды. Осылайша аптасына 40 сағат жұмыс істейді.
Жаңа жүйенің ерекшелігі бір жұмыста аптасына 4 күн істейтін адам мен 5 күн істейтін адамның жалақылары бірдей болады. Мамандар бұл жүйе адамдардың жұмысқа ынтасын арттырып, отбасымен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік беретінін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Токиода 4 күндік жұмыс тәртібі енгенін хабарлаған едік. Себебі елде туу көрсеткіші күрт төмендеген. Сол себепті қызметкерлер 4 күндік жұмысқа ауысқан. Сәуірде күшіне енетін жаңа жарлық қызметкерлерге аптасына үш күн демалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Токиода бастауыш сыныптарда оқитын баласы бар ата-аналарға жұмыстан ертерек босауға рұқсат берілуі мүмкін.