Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Желіде студенттердің шәкіртақысы кешіктіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министр қазақстандық студенттерге бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
"Құрметті студенттер! Қаңтар айына арналған мемлекеттік шәкіртақы төлемдері бүгін, 30 қаңтар күні төлене бастады. Бүгінгі күні Оператор 77 ЖОО студенттеріне төлемдер жасады. Мемлекеттік шәкіртақының қалған төлемдері ертең, 31 қаңтар күні жасалып бітеді”, - деді министр.
Саясат Нұрбектің айтуынша, шәкіртақы төлемдері кешіктіріліп жатқаны, нақтырақ айтқанда төлемдер 3 ақпаннан бастап жасалады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Министр тек қана ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.