Экономика
Мұны неге айтып отырмыз?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қазақтың саны 18 миллионнан 18 миллиардқа жететін күнді де көрерміз. Әйткенмен, біз айтатын мәселе бұл емес. Қазір банк жағалағанның бәрі бірдей қарызға кіріп жатыр дей алмаймыз. Ақшасы бар, азын-аулақ қор жинаған азаматтар банктер арқылы білім алуға қаржы жинайды. Әрине, білімге инвестиция салатындар көп емес болса да, келешек үшін қаржы жинап, мақсатты жоспар құратындар нарықтың құбылмалы жағдайын есепке ала отырып, қимылдайды.
«Қазіргі кезде қазақстандықтар мемлекеттік жинақ жүйесін жиі қолдана бастады. Олар ақшаны білімге жұмсап жатыр. Жинақ жүйесіне сәйкес, депозиті бар адам екінші деңгейлі банктерден оқуға несие алады. Кепілдік берудің қажеті жоқ. Себебі Қаржы орталығы несиенің қайтарылуына өзі кепіл болады. Оқудан кейін алты ай беріледі. Осы уақыттың ішінде білім алған адам жұмысқа тұруы қажет. Содан кейін несиені қайтаруды бастайды», – деді А.Ибраимов.
Күні бүгінге дейін ел азаматтарының білімге жинаған ақшасы 18 миллиардқа жетті. Әрине, 18 миллион халықтың бәрі бірдей қазынаға қаржы салып жатқан жоқ. Дегенмен, салымшылар мемлекеттік білім беру депозитіне ай сайын ақша аударып, қор жинайды.
Ай сайын жалақыға қарап, бірнеше бала асырап отырған отбасылар үшін білім алудың тағы бір жолы – білім несиелері. Ұлттық бірыңғай тестілеуде межелі ұпайдан жоғары балл жинаған, білім көрсеткіштері жоғары, арнайы әлеуметтік категорияларға жататын студенттер Қаржы орталығы арқылы білім несиелерін ала алады. Талапқа сай келсе, студентке орталық қаржы аударады. Ал, талапкер 4 жылдан кейін жұмысқа тұрғаннан кейін несиесін ай сайын өтейді. Бұл әлеумет үшін оңтайлы қадам. Қысқасы, білім алуға мүмкіндік көп. Тек ретін тауып, мемлекеттік ұсынған мүмкіндікті уақытында пайдалану керек.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61