Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Ұлттық ұлан әскерилердің тамақтану рационына ет, бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдар енгізіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәліметтерге сүйенсек, бұл бастама ұлттық асхананы насихаттау және мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында көтерілген. Енді әскердегілерге ет, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе және бауырсақ берілуі мүмкін.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин бұл туралы түніктеме берді.
"Әскерилердің ас мәзіріне ұлттық тағамдарды енгізу – жай ғана жаңашылдық емес, бұл жауынгерлердің рухын нығайтады", – деді Еркебұлан Хамидуллин.
Ұсынылған өзгерістер Қазақ тағамтану академиясымен алдын ала келісіліпті.
Сарапшылардың пікірінше, дәстүрлі тағамдар туған жерін, жақын адамдарын еске салып, мәдени мұрамен байланысты арттырады.