ҚОҒАМ

“17 жастағы бозбалаға өрескел қылық көрсеткен”. Белгілі әнші Алмас Кішкенбаев тергеуге алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: @a.kishkenbaev/Instagram

Алматыда кәмелетке толмаған бозбалаға белгісіз ер адам оғаш қылық көрсеткен. Ақпараттарға сүйенсек, күдікті ретінде жауапқа алынған — белгілі әнші Алмас Кішкенбаев көрінеді. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Журналистің мәліметінше, 2007 жылы туған жасөспірім кешкі сағат 21:00 шамасында қала тұрғындарының бірінен үш бөтелке сыра жеткізуге тапсырыс алады. 

“Курьер тауарды сатып алып, шамамен 40 жастағы ер адамның үйіне апарып берген. Алайда тапсырыс беруші оған бірге ішуді ұсынып, оның жыныс мүшесінен ұстауға тырысқан”, — деп жазды ол. 

Жасөспірім оқиға орнынан дереу кетіп, болған жайды әкесіне хабарлаған. 

“Кейін полиция күдіктінің пәтеріне барып,оны  ұстап әкеткен. Телеграм-арналардың хабарлауынша, ер адамның есімі – Алмас Кішкенбаев”, — деп қосты журналист. 

Қалалық полиция департаменті К. есімді азаматтың ұсталғанын растады.

“Кәмелетке толмаған баланың әкесі ұлына қатысты әдепсіз әрекеттер жасалғаны туралы шағым түсірді. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жай анықталуда”, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.