МӘДЕНИЕТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Ақорда
Қазақстанда мерекелік күндердің күнтізбесінде жаңа мереке пайда болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Экология министрлігі "Қазақстан республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан үкіметінің қаулысына толықтыру енгізу туралы жобаны ұсынды.
Жобаға сәйкес, еліміздің мерекелік күндерінің тізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізіліп, 3 қыркүйекті қазақы ит тұқымдары күні ретінде белгілеу ұсынылған.
“Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: "11-1. қазақы ит тұқымдарын күні – үшінші қыркүйек", - делінген хабарламада.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Ал қоғамдық талқылау 17 ақпан күні аяқталады.