ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Атыраулық әйел депутат күйеуінен 12 жыл бойы зәбір көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Атыраулық әйел 12 жыл бойы күйеуі Айбар Ерекешовтан зәбір көргенін хабарлады. Оның айтуынша, күйеуі жергілікті мәслихат депутаты екен. Ал депутаттың өзі экс-әйелінің айыптауларын жоққа шығарды.
4 баланың анасы Нұржамал Тажғалиева күйеуінен жылдар бойы қорлық көріп, таяғын жегенін айтады. Әсіресе 2018, 2023 жылдары Нұржамал баласы әлі емізулі болған кезінде күйеуі бірнеше рет соққының астына алған.
Бұрынғы әйелінің айыптауларына қатысты Айбар Ерекешов те пікір білдірді. Оның сөзінше, экс-әйелі жалған мәлімдеме жасап, жала жауып отыр екен.
“Мен оған ешқашан қол көтерген емеспін. Қате түсінуге болатын жалғыз жағдай – мен ол үлкен қызыммен дауласқан кезінде араласқаным болды. Бірақ мен мұны дәлел ретінде қолданғым келмейді”, – деді депутат.
Депутат өзінің мақсаты тұрақтылықты сақтау және балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету екенін атап өтті.