Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: kz.bizorg.su
Басы дауға қалған әнші Алмас Кішкенбаевтың ісі сотқа түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Tengrinews.kz мәліметінше, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында қаралмақ. Сот отырысы бүгін, 3 ақпан сағат 17:20-ға белгіленген.
“Сот өндірісінде Кішкенбаев Алмас Бексейітұлына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс қаралып жатыр. 2024 жылғы 31 қаңтарда жәбірленуші тарап – кәмелетке толмаған К.-ның заңды өкілі істің материалдарымен танысуға уақыт сұрап, сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтініш білдірді”, – делінген сот кабинеті жариялаған ақпаратта.
Еске салайық, 31 қаңтарда Алмас Кішкенбаевқа қатысты жағымсыз ақпараттың шеті шыққан еді.
Алматылық 17 жастағы баланың айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, кейін бірге ішуді ұсынған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм арнасында жазды. Оның сөзінше, 30 қаңтар күні түнде құқық қорғау органдарына курьер болып жұмыс істейтін кәмелетке толмаған баланың әкесінен арыз түскен.
"Кешкі тоғыздар шамасында курьер жігіт бір мекен-жайға үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс алған. Дүкеннен алып, тұтынушыға апарады. Содан кейін түсініксіз жағдай болған. 17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін бірге ішуді ұсынған.
Сол кезде ер адам 11-сынып оқушысын интимдік мүшесінен ұстап алған. Курьер бала үйіне барған соң әкесіне бәрін айтып береді. Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген ер адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Күдікті - Алмас Кішкенбаев», - деп жазады журналист.
Алматының полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатқанын, күдікті К. есімді азамат полицияға жеткізілгенін айтты.