Bugin

Қонаевта бір топ мектеп оқушыcы қатарласын аяусыз соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм/ gulmir_ktk

Қонаевта 9-сынып оқушылары өз құрдасын соққыға жыққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, құқық қорғау органдары істі тергеп жатыр.

Журналистің айтуынша, Қонаевқа кіре берістегі көпір астында жасөспірімдер жиі жиналады екен. Онда олар үнемі төбелесіп, жекпе-жек ұйымдастырып, ішімдік ішетін көрінеді. 

Бір топ жасөспірім осы көпірдің астында тоғызыншы сынып оқушысын соққыға жыққан. Оқиғадан кейін мектеп оқушысы жансақтау бөліміне жатқызылды.

Алматы облысының білім басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрғанын хабарлады. Ал полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

"Бүгін мектеп оқушысына психологиялық көмек көрсетілді. Жасөспірім ауруханада емделіп жатыр, жағдайы тұрақты”, – делінген хабарламада. 

Оқиғаға қатысты тергеу ісін облыстық білім басқармасы бақылауына алды.