ДЕНСАУЛЫҚ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Envato
Атырау мұнай өңдеу зауытында қызметкер ішін тіліп жіберді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Зауыт басшылығының хабарлауынша, қаңтар айында жөндеу-механикалық цехында жылу оқшаулау тобы құрылған. РМО тобының бастықтары цехтың қолданыстағы бригадаларынан оқшаулағыштардың жаңа бригадасын құру мақсатында жұмысшылар тізімін жасады. 4 санаттағы темір шебері Нұрлыбек Адайбаевтың тәжірибесі болғандықтан, ол осы тізімге қосылыпты.
“Бірақ 3 ақпан күні ол бригадада жұмыс істеуден бас тартты. РМО бастығы жұмысшыны бұрынғы бригадасына қайтармақшы болды, бірақ ол жылу оқшаулағыштар бригадасында жұмыс істеуден бас тартқанын баяндады. Соған қарамастан, шебер тікелей басшының шешіміне наразылығын білдіріп, өзін зиян келтіруге тырысты”, – деп мәлімдеді АМӨЗ баспасөз хатшысы.
Қазір жұмысшының денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Осы оқиғадан кейін онымен профилактикалық жұмыс жүргізілген.