ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Видеодан алынған скриншот
3 қаңтарда Астана – Щучинск тасжолында жаппай жол-көлік оқиғасы болып, 95 көлік пен 20 адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 353-бабы 1-бөлігі "Көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
"Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Әкімшілік заңнама аясында 37 әкімшілік іс қозғалып, олар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы "Көлік жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы, нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиян келтіруі, көлік құралдарына немесе басқа да мүлікке зақым келтіруі" бойынша қаралып жатыр", – деп хабарлады ІІМ.
Министрлік мәліметінше, аталған қылмыстық істер бойынша қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесінде түпкілікті процестік шешімдер қабылданады.