ТЕХНОЛОГИЯ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Биыл елімізде 4 мың шақырым жол ақылы болады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазір республикада ұзындығы 3,2 мың шақырым жол ақылы. 2024 жылы ақылы жолдардан 48 млрд теңге түскен.
“Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскелер енгізілетін болады, олардан келетін түсімдер көлемі биыл 60 млрд, ал келесі жылы 100 млрд теңгеге дейін жетеді. Бұл ретте осы ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған қарыздардың пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге жұмсау мәселесі қарастырылып жатыр”, - деді Көлік министрі Марат Қарабаев.
Сонымен қатар 2027 жылға қарай еліміздің тас жолдарында интернет пайда болады.
“Қолжетімді интернет” ұлттық жобасы аясында 2027 жылы республикалық және облыстық жолдардың 100 пайызы мобильді интернетпен қамтылмақ. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.
Республикалық жолдар бойында 243 антенна-діңгек құрылыстары орнатылатын болады. Оның ішінде 104 антенна-діңгекті салу бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынған.