Спорт

Роналду ең қымбат көлік сатып алды

Болашақтың көлігі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Туриндік «Ювентус» клубының сұрмергені Криштиану Роналду әлемдегі ең қымбат автомобиль Bugatti Voiture Noire сатып алды. Бұл туралы El Mundo Deportivo мәлімдейді.

34 жастағы шабуылшы автокөлікке 11 миллион еуро жұмсады. Бұл модель әзірше әзірленуде. Voiture Noire 2021 жылы ғана пайда болады.

Бірінші рет Voiture Noire моделі 2018 жылдың наурыз айында Женевада өткен автосалонда ұсынылған. 1500 ат күші қозғалтқышы сағатына 420 шақырым жылдамдыққа жетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Роналду France football бойынша әлемдегі ең жоғары жалақы алған футболшылардың бірі болып саналады.