Bugin

Астанада спорткешенінде жаттығудан кейін полиция қызметкері қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Астанада спорткешенінде жаттығудан кейін полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Астана ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаттығулардан кейін залдан шығар кезде 42 жастағы ер адам талып қалған.

“Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шаралар қабылдады, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Қызметкердің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, - деп хабарлады ведомстводан.

Өлім себебі — миокард инфарктісі. Оқиға бойынша тергеу басталды.