Bugin

Қосшылықтар Қытайдан арзан тауар аламыз деп сан соғып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астана және Қосшы қалаларының аумағында тұратын әйел адамдарды алдап, алаяқтық жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әйел 33 азаматтың 67 миллионнан астам қаражатын иемденді. Ол тұрғындарға Қытайдан арзан тұтыну тауарларын жеткізуге уәде берген.

Бас прокуратураның хабарлауынша, 2023 жылдың қыркүйегінде әйел көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында WhatsApp топтар құрған. Онда тауарларды нарықтағыдан төмен бағамен жарнамалапты. Ал азаматтардан алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған көрінеді. 

Косшы қалалық сотының үкімімен алаяқ әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.