ТЕХНОЛОГИЯ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Үкімет, Коллаж: Bugin.kz
Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда ұшатын автокөліктер пайда болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Айтуынша, аталған жоба 2026 жылдың бірінші жартысында іске қосылуы мүмкін.
“Аэромобиль – сутек отынымен жұмыс істейтін шағын тікұшақ. Ол бес адамға дейін тасымалдауға қауқарлы. Бұл технологияны қазір Оңтүстік Корея мен АҚШ компаниялары белсенді дамытып жатыр. Қазақстандық бір компания да осы салаға қызығушылық білдірді. Қазіргі уақытта бұл бағытты терең зерттеп, аэромобильді пилоттық жоба ретінде іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Алғашқы кезеңде аэромобильдер Алматы мен Алатау қаласы арасында қатынайды,” – деді Қарабаев Үкімет отырысында.