Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Видеодан алынған скриншот
Көлік министрлігі Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу туралы алдын ала есепті жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министрлік ұсынған ақпаратта экипаж бен Ақтау әуежайындағы диспечердің сөздері жазылған.
06:02:47-де ұшақ экипажы Ақтау әуежайының мұнарасымен байланысқа шығады. Бірінші рет халықаралық апат сигналы беріледі.
”Экипаж: Ақтау мұнарасы, қайырлы күн, басқару рулдері істен шықты, бірақ газ секторларымен басқарылып жатыр, біріншісі он бірінші жолаққа авариялық қону сұраймыз.
Диспетчер: Қайырлы күн, анықталды, ақпарат қабылданды, тек басқару рулдерімен басқарылып жатыр, апат коды 7700, биіктікті 1800 футқа дейін төмендетуді жалғастырыңыз, QNH 1025, және қандай да бір қолайлы визуалды кіріспе тәсілі болса, хабарлаңыз, солай емес пе?
Экипаж: Биіктікті 1800 футқа дейін төмендетудеміз, визуалды кіріспе жасаймыз, Әзербайжан 82 43, газ секторларымен басқарылып жатыр.
Диспетчер: Кіру үшін векторлау қамтамасыз ету керек пе?
Экипаж: Иә, Әзербайжан 82 43-ті векторлап беріңіз, өтінемін”, - делінген Көлік министрлігі ұсынған есепте.
06:22:24-де экипаж шасси шығаруға кірісті. Одан кейін механизация шығарыла бастады, артынан дыбыстық дабыл белгісі іске қосылды. Ал 06:27:58-де ұшақтың жермен соқтығысуы тіркелді, ұшу бұрышы оңға қарай 35 градусқа өзгерген.
Ұшақтың сол жақ қозғалтқышы мен сол жақ қанатында, сондай-ақ ұшақтың агрегаттары мен компоненттерінде зақымдану байқалған.