САЯСАТ

Қайтарылған активтерден Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салынбақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Үкімет қайтарылған активтерден Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жаңа нысан Қаражал қаласында "Вокзал" шағын ауданында салынады.

Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. 

"Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап, білім алуға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлады үкімет.