ҚОҒАМ

Ақтауда адам өлтірген күдікті өзін-өзі өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақтауда адам өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсап мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға кеше, 4 ақпанда болған. Полиция басқармасына Ақтаудағы №22 үйде түрлі дене жарақаттары бар ер адам табылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер жәбірленуші қайтыс болғанын анықтаған. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті ер адамды өлтірген күдікті артынша суицид жасағанын хабарлады. Бақылау камералары арқылы күдікті табылды.

Полицейлер мекенжайға отыз минуттың ішінде келгенде күдікті суицид жасағаны белгілі болған.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.