Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонспаевтан АҚШ шекарасындағы заңсыз мигранттар лагерлерінде қазақстандықтар бар ма деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ҚР СІМ өкілі АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтардың саны туралы ақпараттың бар екенін айтты.
"Лагерьлерде Қазақстан азаматтары жоқ. Жақында ғана біздің елшілігіміз тиісті хабарлама жасады, онда осы ел аумағында заңсыз жүрген азаматтарға қатысты шаралар қабылданатыны айтылған. Тиісінше, бұл мәселені реттеу үшін шақыру жасалды. Мен нақты санын есіме түсіре алмаймын, бірақ барлық заңсыз жүрген азаматтарға ескерту жіберілді", – деді Қонспаев.
Оның айтуынша, Вашингтондағы Қазақстан елшілігі мен басқа да консулдық мекемелер АҚШ аумағындағы қазақстандықтардың есебін тұрақты түрде жүргізіп отырады.
Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп федералды үкіметке Гуантанамо әскери базасын АҚШ-тан шығарылған 30 мың мигрантты орналастыру үшін дайындауды тапсырғанын хабарлаған едік.
Тұтқындарды азаптаумен танымал түрмеде бұрыннан мигранттарды ұстау орталығы бар екен. АҚШ билігі қолданыстағы көші-қон орталықтарын кеңейту үшін осы әрекетке барып жатқанын айтты.