САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: freepik.com
"Қазақмыс” бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа әуе кемесін сатып алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Корпорацияның мәліметінше, ұшақ "өндірістік қажеттіліктерге" байланысты сатып алынған.
"Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейміз. "Қазақмыс" корпорациясы жеке тұлғаларға ұшақ сатып алған жоқ. Компания ұшақты өндірістік қажеттілік үшін ғана сатып алады. Мұндай мәміле туралы кез келген мәлімдемелер негізсіз және қоғамды жаңылыстырады", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Бәсе YouTube-арнасында "Қазақмыс” корпорациясының 83 миллион долларға Airbus ACJ220-110 бизнес-джет сатып алғаны айтылды. Оның көлемі 73 шаршы метр. Жолаушылар сыйымдылығы 18 адам.