ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: pixabay
Ақтөбе облысында кен орнының аумағынан "әлеуметтік" газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болып шықты. Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған.
"Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда”, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.