Bugin
Astana Hub әлемдік танымалдық жолында трамплинге айналатынына сенім білдірді
"Сіздермен бірге күшімізді біріктіріп, барлық қойылған мақсатымызға жылдам әрі тиімді жетеміз деп сенемін. Ал мақсатымыз айқын, белгілі. Бірақ біз, қазақстандықтар, бүкіл әлемнен қалыспауымыз керек, біз қазір жылдам жылжып келе жатқан бұл пойызға секірмесек, өзге елдердің соңында сүйретіліп жүреміз, Кеңес Одағы әрдайым сондай болған еді, біз одан да нашар боламыз.
Біз оны қаламаймыз. Қазақстан - бүгінде посткеңестік кеңістіктегі реформалардың шапшаңдығы, жан басына шаққанда экономиканың дамуы мен көлемі бойынша озық мемлекет. Бізде барлық мүмкіндік бар, қаржы және техникалық, білім беру, осыны қолға алайық, біздің жастар елімізді жаңа технологиялар дәуіріне, озық дәстүрге жетелейді деп үміттенемін", - деді Мемлекет басшысы.
Президент технопарк қатысушыларының жеңілдетілген визаларды, еңбек тәртібін қолдана алатынын және оларға салықтық және өзге де жеңілдіктердің берілетінін айтты. Astana Hub базасында менторлық институт құрылды.
"EXPO болмағанда мына ғимараттар да болмайтын еді. Мен стартаптарды дамыту үшін арнайы үлкен корпус тұрғызбақшы едім. Бірақ енді біз елімізде сәтті өткен EXPO көрмесінен кейін дайын ғимараттарды қолдана аламыз. Негізгі міндет - ақылды, талантты, қолынан іс келетін жастарға қолдау көрсетіп, көмектесу. Біз барлық жағынан жеке бастамаларға қолдау көрсетеміз, бағдарламалау мектептеріне, роботтехника мен киберспорт бойынша олимпиадаларға", - деді Президент.
Дереккөз: tengrinews.kz