Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: kfb.kz
Қызылорда облысы спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев өңірде жаңа бокс клубы ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бақтияр Артаев бұл туралы журналист Аслан Каженовтың YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
“Қазіргі таңда “Тарлан” спорт кешенін басқарманың теңгеріміне алу жұмыстары жүргізілуде. Осы мәселені артынан қалмай жүріп бітірдім. Жоспарлар сәтімен болса келесі айда Қызылордада бокс клубы ашылады”, – деді Бақтияр Ғарифоллаұлы.
Жаңа бокс клубының басшылығына Артаев қызылордалық танымал боксшыларды қарастырып жатқанын айтты. Әзірге ең басты таңдау Токио олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа түсіп тұрғанын жасырмады.
“Спорт клубының басшылығына қызылордалық спортшыларды қарастырудамыз. Жақын уақытта Қамшыбек Қоңқабаевқа ұсыныс жасаймыз. Ол кісі елге қызмет жасаймын десе міндетті түрде қолдау болады. Одан бөлек Құлахмет Тұрсынбай мен Руслан Сыбаевты да шорт-листке қосып қойдық”, – деді Артаев.