Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Instagram/ nurlanimam.kz
Қазақстандық дінтанушы, теолог, имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-та Ақ үйдің ұйымдастырған қайырмдылық таңғы асында бой көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстандық имам қайырымдылық шара барысында АҚШ президенті Дональд Трамптың дәл алдында отырыпты. Бұл туралы Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші Президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Ең ілері "Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы - бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп" деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды", - деді Нұрлан Байжігітұлы.