Үндістанның Телинган штатындағы Білім беру Кеңесі келесі курсқа өту тестінің нәтижесін жариялады. Тест нәтижесіне көңілі толмаған студенттер өздеріне қол салған.
Миллион студенттің ішінен 350 мыңы өте төмен нәтиже көрсеткен. "Бұған арнайы компьютерлік бағдарламадағы ақаудың әсері бар", – дейді көпшілік.
Тест нәтижесіне көңілі толмағандар шеруге шыққан еді. Халықтың талабынан кейін арнайы өкілдер тест нәтижесін қайта тексеруге келіскен болатын.
Тесттен құлаған бір студент өзін өртеп жіберсе, енді біреуі асылып қалған. Жалпы тест нәтижесіне көңілі толмаған 20 студент өмірімен қош айтысқан. Билік студенттердің суицидке бармауын сұрап, арнайы үндеу жолдады.