ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: gov.kz
Жамбыл облысында ауыр қылмысты жасыру фактісі бойынша Байзақ ауданы полиция бөлімінің басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Прокуратура Қылмыстық кодекстің 433-бабының 2-бөлігі (қылмыстық құқықбұзушылықты жасыру) бойынша тергеуге дейінгі тексеру бастады. Полиция басшысының орынбасары ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікке ілінді. Ол ауданда жасалған 10,7 миллион теңге ұрлығына қатысты арызды бірыңғай тергеу реестріне тіркемей, құқықбұзушылықты жасыруға тырысқан.
Жиналған дәлелдемелер негізінде оның әрекеті ҚК 433-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша (алдын ала сөз байласу арқылы топ болып ауыр қылмысты жасыру) сараланды. Күдікті Қылмыстық-процестік кодекстің 128-131-баптарына сәйкес ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды”, – делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.