ҚОҒАМ

Кенесары ханның өлімі үшін қазақстандықтардан кешірім сұраған әнші ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм/ kairat_primberdiev_official

Қырғызстанның Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікпен әнші Қайрат Примбердиев ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Нәсілдік, этникалық, ұлттық және діни араздықты қоздыру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша 1985 жылы туған Қырғызстан азаматы анықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, әнші YouTube-арналарының бірінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған.

Әншіге қатысты “елден кетпеу туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. МҰҚК Қырғызстан заңнамасына сәйкес нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңірлік араздықты қоздыру әрекеттері үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді", – деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін, қырғыз әншісі Қайрат Примбердиев Ayran-YouTube арнасында қырғыз-қазақ қарым-қатынасына қатысты пікір білдірген. Онда ол Ормон ханның Кенесары ханды өлтіруге мәжбүр болғанын жеткізген. Сосын бүкіл қазақ халқынан осы оқиға үшін кешірім сұраған.